Танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы қасиетті Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты.
Бұл жайлы Нұрлан имам Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз кешке ауыз ашып, ауызашар дұға оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз. Және кешке ауызашарға "ертеңгі күнге ниет еттім" дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсы болады. Бірақ, сәресін ішпейді ол күні.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Мен оянып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: сәресін іше алмай алмай қалса, оразасы жалғаса береді", - деді Нұрлан имам.