Русский Сайттың толық нұсқасы

137 дана заңсыз киік мүйіздері тәркілен

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2023
  • 718

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 ж.т. аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйіздері және 1 дана қол арасын анықтап, тәркілеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.