Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таразэнергоорталық" экс-басшысы Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2023
  • 1203

Таразды ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп отырған "Таразэнергоорталық" АҚ-ның экс-төрағасына іздеу жарияланды. Ақпаратты Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Таразэнергоорталық" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов пен оның ұлына бақылаудағы ұйымның директоры Рахат Бүлдешке заңсыз монополиялық жолмен жоғары кіріс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңгені жымқырды және жалған кәсіпорындар құрған желі арқылы ақша жымқырды деген айып тағылған болатын.

Былтыр Мәуленов кепілдікпен босатылған. Соттың баспасөз қызметі оның жақында сотқа келуге тиіс болғанын, бірақ келмегенін растады.

"Сот қаулысымен іздеу жарияланды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Оған қатысты бұлтартпау шарасы "қамаумен" ауыстырылғаны атап өтілді.