Ақтөбеде полиция басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі соталды тергеп-тексеруді бастаған.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.
«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі», – делінген хабарламада.