Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бастығы мен бас есепшісі қамауға алынды

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бастығы мен бас есепшісі қамауға алынды. Олар аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, лауазымды тұлғалар мемлекетке 543 млн теңге залал келтірген. Көпэпизодты тергеу барысында қазынаға 91 млн 500 мың теңге қайта өндірілген. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.

Асылхан АШЫҚОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«1С бухгалтерия» және «Қазынашылық-Клиент» бағдарламаларының кемшіліктерін пайланып, аса ірі көлемде бюджет қаражысы жымқырылған. Жұмыскерлердің аты-жөндерін дұрыс жазған, алайда жеке сәйкестендіру нөмірлерін ЖСН сонымен есепшоттарын басқа, бөгде үшінші тұлғаның аттарын енгізіп, солай жымқырған.