Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола тұрғыны пәтерінде есірткілік өсімдіктер өсірген

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2023
  • 1072

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам канабиноидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде болған. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

2 сәуір күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласының 49 жастағы тұрғынынан пәтерде рұқсатсыз тінту жүргізу кезінде 9 өсімдік өскіні, болжам бойынша қарасора, сондай-ақ ерекше иісті қара-қоңыр түсті қалдықтары бар 2 пластикалық бөтелке тәркіледі.

Ақмолалықтың айтуынша, ол ішінде қарасора өскіні бар қорапты тауып алып, жеке тұтыну үшін өсіруді шешкен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам канабиноидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.