Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанжал шығарған автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2016
  • 3407

Жол үстінде жанжал шығарған автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды. Бүгін осы оқиғаға қатысқан 6 адамның бесеуі қызметімен қош айтысты. Бұл туралы көліктік бақылау қызметінің жетекшісі мәлімдеді. Аталған факт бойынша үш кондуктор мен үш жүргізушінің төбелеске қатысқаны анықталды. Олардың төртеуі сегізінші, екеуі тоғызыншы автопаркте жұмыс істеген. Жанжал жолаушы үшін таласып өзара жарысудан басталған. Жыл басынан бері көліктік бақылау қызметінің испекторлары 4 мыңнан астам тәртіп бұзушылықты анықтады.

Еске салайық, өткен аптада Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар арасындағы төбелес ғаламторда тарап кеткен еді. Алаш тасжолы бойындағы «Көкбазар» аялдамасында отыз тоғызыншы және жүз жиырмасыншы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары жанжалдасып, соңы төбелеспен аяқталған.

Мұхтар Жұмәділ, Астана қаласы көліктік бақылау қызметінің жетекшісі:

Көліктік бақылау қызметі төбелеске қатысқан барлық адамнан түсініктеме алды. Жол ережесі тәртібі мен жолаушылар тасымалы ережесі өрескел бұзылған. Жанжалға қатысқандардың барлығына қатаң сөгіс жарияланып, қайта жұмысқа қабылдану құқығынан айырылып, жұмыстан шығарылады. Тәртіп бұзушылар автобус парктерінің қара тізіміне енгізілді.