Русский Сайттың толық нұсқасы

FlyArystan Air Astana-дан бөлінген соң билеттер арзандауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2023
  • 770

2024 жылдан бастап қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жеке заңды тұлға ретінде бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Сенаттағы Комитет отырысында мәлімдеді.

Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес «Эйр Астана» АҚ-нан Fly Arystan құрылымдық бөлімшесі 2024 жылы жеке заңды тұлға ретінде бөлінеді деп күтілуде. Бұл шаралар бәсекелес ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсекелестік жолымен әуе билеттерінің құнын төмендетуге оң ықпалын тигізеді, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, ұшудың тұрақтылығын арттыру үшін бірнеше шара қолға алынған.

Министрлік әуе компаниясының рейс кешіккенде немесе кейінге қалдырылған кезде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қолданыстағы заңнаманың тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне түзетулер енгізілді, - деді Алмаз Ыдырысов.