Русский Сайттың толық нұсқасы

"Анаң тауып берген қызға үйленесің бе?" Арман Дәулетияров ұлдарына қалыңдықты өзі таңдайтынын айтты

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2023
  • 1167

МУЗ-ТВ телеарнасының экс-директоры, белгілі медиаменеджер Арман Дәулетияров "Хабар" арнасындағы "Оян" таңғы бағдарламасында қонақ болып, қалай шаңырақ көтергенін, болашақта ұлдарына қалай қалыңдық таңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, кезінде оған "анаң тапқан адамға үйленесің бе?" дейтіндер көп болған. Бірақ Арман болашақта да ұлдарына қалыңдықты өзі таңдағысы келетінін жеткізді.

"Қазақ дәстүрлерінің мәні зор. Кезінде үйлену тойымызда келген достарымыздың арасында "Анаң тауып берген қызға үйленесің бе? Қай ғасырда қалып қойғансың? Оқыған жігітсің ғой" дегендер де болды. Бірақ мен анама уәде беріп, оған қарсы келе алмайтынымды айттым. Әрине, бастапқы кезде оңай болған жоқ. Қазір 20 жыл өткеннен кейін айналамдағы кісілердің 100 пайызы ажырасқан, балалары әртүрлі әйелден туған. Уақыт өте келе олар қазақ дәстүрлері керемет екенін айтып, анамның қателеспегеніне көз жеткізді. Біз берік отбасына айналдық, мен үшін әйелімнен және балаларымнан қымбат ешкім жоқ. Анама сол үшін алғыс айтамын. Ұлдарыма да қазақтың дәстүрі бойынша қалыңдықты өзіміз таңдаймыз", - деді Арман Дәулетияров.