Русский Сайттың толық нұсқасы

"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі тағы ұзарды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2023
  • 1197

Арман Жұмагелдиевті ("Дикий Арман" деген атпен танымал) қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

"Дикий Арманның" қамау мерзімі екі айға ұзарды.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді".

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда криминал авторитет - "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан.

2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.

6 наурызда Алматы қалалық соты "Дикий Арманды" қамау мерзімі бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлады.