Футзалдан
Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет
жеңіске жетті. Коста-Рика құрамасымен сынға түскен жерлестеріміз қарсыластарын
3-1 есебімен тізе бүктірді. Сайыс басталысымен-ақ, сенімді ойын өрнегін
көрсетіп, алғашқы 58-ші секундта қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Алайда, араға
15 минут салып, коста-рикалық Алехандро Паньяга таразы басын теңестіріп кетті.
Жеңіске құлшынған жерлестеріміз араға не бары 1 минут салып, Павел Такудың
соққан голымен тағы да алға шыққан. Ал, ойынның екінші бөліміндегі айып
доптарының бірін орындау барысында Лео шеберлігімен көзге түсіп, есепті
еселеді.
Какау
шәкірттері енді топтық кезеңдегі соңғы ойынын 19 қыркүйек күні Астана
уақытымен сағат түнгі 3-те Соломон аралдарының құрамасына қарсы өткізбек.
Д.
БАҚДАУЛЕТ