Русский Сайттың толық нұсқасы

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен бірге әлемдік бокс рейтингіне енді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2023
  • 1416

BoxLive Жәнібек Әлімханұлын бокстан ең белсенді әлем чемпиондарының рейтингіне қосты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы WBO белбеуіне иелік етеді. Оның жекпе-жектері арасындағы орташа белсенділік – 219 күн (белбеуін қорғаған жекпе-жектер). Осылайша спортшы 4-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш бойынша 202 күнмен кубалық Дэвид Моррель көш бастады.

Еске салайық, Дэвид Моррель 2022 жылдың қарашасында Айдос Ербосынұлымен жұдырықтасып, отандасымызды 12-раундта нокаутқа жіберген.

Рейтингте 2-орында Сауль "Канело" Альварес, 3-орында Девин Хейни тұр.