Русский Сайттың толық нұсқасы

Бішкекте ТМД-ның мерейтойлық саммиті өтуде

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2016
  • 2156

Осы минуттарда Бішкекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25 жылдығына арналған саммит өтіп жатыр. Саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуда. Сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Ресей Федерациясының басшылары келді.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, саммит екі сағатқа кеш басталған. Өйткені ауа-райының қолайсыздығынан Ресей президенті Владимир Путиннің рейсі кешігіп келді. Екі күндік форумда достастық елдерінің халықаралық терроризмге қарсы үш жылдық бағдарламасы талқыланады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 2017 жылы Кеңеске Ресейдің төрағалық ететіні белгілі болды. Өйткені Молдова бұл міндеттен бас тартқан.

Саммитпен қатар Қырғызстанда «Бейбіт миссия» атты әскери жаттығулар өтуде. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттері қатысады