6 cәуірде 15:30-дағы Ақтау - Шымкент рейсі Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.
"Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпанияның кесірінен болмады. Әуекомпания кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз осы рейстің жолаушыларына сусындар мен ыстық тағамдар ұсындық", - дейді FlyArystan.
Кейінірек FlyArystan Шымкент әуежайы рейстерді қабылдай бастағанын хабарлады. Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсінің Алматыдан ұшып шығуы үшін компания әуе кемеде тиісті жұмыс жүргізуі қажет болған. Алайда бұл рәсімдер ұшақ борттан шығудан бас тартқан жолаушылардың кесірінен кешіккен.
"Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсі қазіргі уақытта ұшуға дайындалып жатқанын және деструктив жолаушылармен болған жағдайдың шешілгенін хабарлаймыз", - дейді FlyArystan.
Кейін рейс Алматы уақыты бойынша 6 сәуірде сағат 23:02-де Шымкентке ұшып шыққан.