Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысыр мен Қырғызстаннан келген: Алматыда балалардың қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2023
  • 843

Алматыда Мысыр мен Қырғызстаннан келген балалар қызылшасы ауруы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әсел Алтаева мәлімдеді.

"Бүгінде Алматыда қызылша ауруының көбеюі байқалады. Биылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайы тіркелді, оның ішінде 67 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында. 4 жағдайда инкубациялық кезеңдегі науқастар шетелде болған (шетелден жұқтырып әкелінген, оның ішінде біреуі Қырғызстанда және үшеуі Шарм-эль-Шейхте)", - делінген Алматы СЭБД-нің редакция сауалына берген жауабында.