Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәуірдегі сойқан куәгерлері

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2023
  • 1534

Оралдық сарбаздар осыдан тура 28 жыл бұрын тәжік-ауған шебінде ерлікпен қаза тапқан аға буынды еске алды.

Сол кезде қазақстандық батальонға ТМД елдерінің сыртқы шекарасын қорғау тапсырылды. Осы міндетті орындаған қазақ сарбаздары тәжік-ауған шекарасын есірткі мен қару-жарақ дәлізіне айналдырғандарға тосқауыл болды.


Памир тауындағы Пшихавр шатқалында оларға тұтқиылдан шабуыл жасалды.

Бұл айқастағы қазақ жауынгерлерінің саны қарсыластарынан бірнеше есе аз болатын. Төрт сағатқа созылған ұрыста 17 сарбаз қаза тауып, 33-і жараланды. Бүгін солардың қаруластары оққа ұшқан боздақтарды аза тұтып, еске алды. Бұл қақтығыс сол кездегі ішкі әскерлердің, қазіргі Ұлттық Ұланның тарихында қайғылы оқиға болып таңбаланды.

Жүсіпбек БІРЕКЕШЕВ ТӘЖІК-АУҒАН ҚАҚТЫҒЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ

Ауыр шайқас болды. 200-дей моджахед дейміз ғой. Колоннаны алып келе жатқан. Соларды тексереміз дегенде потеря бізден болды. Айрылған қарулас әр сарбаз бауырымыз біз үшін батыр деп санаймыз. Ол жігіттер сол жақта қалды. Жасы 18-19 дағы балалар.