Қар еріп, күн жылынды.Алайда, айналадағы қоқыс қалдықтары көңілді қынжылтады. Астананың өзінде қыс бойы ақ мамықтың астында жатқан қалың қалдықты тазалық қызметкерлері жинап үлгере алмай жатыр. Ал, Қостанайда, тіпті, қоқыс сұрыптайтын жұмысшы жоқ. Таза елді қалай қалыптастырамыз? Келесі сюжеттен көріңіз.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Астана – бас қала болса да, қаланың әр жерінде қоқыс жатқанын байқаймыз. Мұндайда адамдардың ойында қалдықтарды тек қана арнайы мамандар тазарту керек деген ой қалыптасып қалған ба деп ойланып қаласың. Арамызда қоқысты онды-солды шашатындар кездеседі. Тұрғындардың оларға көзі әбден үйренген секілді. Оны біз де дәл қазір тексергіміз келіп тұр.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бұл эксперимент ортасын сыйламайтын адамға қоғамның көзқарасы қандай екенін көрсетті. Бірі таңданып, таңқалып қараса, енді бірі, тіпті, мән берген де жоқ.
Ержан ПАШАНОВ, «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС ТЕХНИКА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Қысқы кезең бітіп, жазғы кезеңге ауысып жатырмыз. Қазіргі таңда, 280-нен астам жол жұмысшылары шығады. Күнделікті, олар екі ауысымда жұмыс жасайды. Біздегі основной жұмыстар, жол жиектерін тазалау, аялдама, автотұрақтарды тазалау.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Құрметті көрермен, мен дәл қазір сіздерге ұсыныс айтқым келіп тұр. Бір тренд қалыптастырайықшы. Қайда жүрсек те, мейлі қыдырып жүріңіз, мейлі серуендеп жүріңіз, қалтаңызға осындай дорбаны салып алып, көшеден кездескен қоқыстарды сала жүріңіз. Бұл біздің қала тазалығына қосқан бір ден-бір үлесіміз болар еді.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Үлкен қаланың талазық қызметкерлері қаншалықты күн-түн демей жұмыс істесе де, шаһарды тап-тұйнақтай ету , әрине, қиын. Өйткені, қаланың әсем, таза болуы бәрімізге жүктелген ортақ міндет дер едім. Ендеше, ел тазалығына бірге атсалысайық.
Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:
Қоршаған ортаның тазалығына әрбір тұрғынның атсалысқаны абзал. Алайда қала сыртындағы қалың қоқысты, тұрмыстық қалдықты сұрыптауға ешкімнің құлқы жоқ.
Қостанайдағы ең ірі полигондардың бірінде құны 60 миллион теңгенің құрылғысы орнатылған. Жылына 100 мың тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптауға қауқарлы. Бірақ 4 жылдан бері жұмыс істемей тұр. Бұл жерде ешкім еңбек еткісі келмейді.
Әли САМҰРАТОВ, ПОЛИГОН БАСШЫСЫ:
Сұрыптау желісінің жұмыс істемей тұрғанынына жалғыз себебі жұмысшы жоқ.Үнемі хабарландыру береміз.Бірақ ешкім келмейді. 100 мың теңге айлық ұсынып отырмыз.
Полигонға бір күннің қамымен келетін қара жұмысшылар қоқысты қолмен сұрыптайды. Бұл аумаққа күніне 150 тонна тұрмыстық қалдық жеткізіледі. Облыс көлеміндегі барлық полигондарда жұмысшы тапшы. Адам табылмаған соң автоматтандырылған құрылғы қаңтарылып тұр.