Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде өткен тәулікте 77 адамнан COVID-19 анықталды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2023
  • 758

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 77 жағдайы және коронавирус белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 860 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 180 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 180 науқас стационарда, 1 680-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• жағдайы ауыр науқастар - 3,

• жағдайы өте ауыр - 0,

• ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар - 0.