Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтарға тауға шығуға болмайтындығы ескертілді

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2023
  • 732

Алматы қалалық ТЖД мегополис тұрғындары мен қонақтарына қар басқан тау беткейлеріне шықпауға кеңес береді. Өйткені 8-12 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Қазгидрометтің дауылды ескерту негізінде 08-12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні қауіпі сақталатын туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс", - деп атап өтті қалалық ТЖД.

Тау басында батыстан соққан желдің екпіні 22 м/с құрайды деп болжанады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан тау беткейлеріне шықпау ұсынылады, ең дұрысы - тауға барудан бас тарту.

Тауда жүргендерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.