Русский Сайттың толық нұсқасы

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның өмірінің соңғы жылдарындағы естеліктермен бөлісті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2023
  • 1763

Белгілі саясаткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында бұрынғы күйеуі өмірінің соңғы жылдары сырқаттанып қалғанын, қызы Құралайдан кешірім сұрағаны жайлы айтып берді.

"Зәкең Мақпалға кеткеннен кейін мен оны теледидардан ғана көріп отырдым. Теледидарға шығып, есеп беретін еді. Ұлы Қайратқа әкесінің жанында болсын деп тапсырдым, Құралай сирек баратын, тек туған күнінде. Ол кісінің қан қысымы көтеріліп кетеді, біреуге ренжісе жүрегі ауырып қалатын. Ана жақтағы өмірінің қандай болғанын естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ. Сондықбай байқа деп айтып жүретінмін. Кісі қолынан кететінін қайдан білейін. Солай Қайрат әкесіне барып тұрды. Өмірден өтер кезде Құралайдың тігін шеберханасына барып, қызынан кешірім сұрады. “Қызым, мен жақсы әке болдым, ба, жаман әке болдым ба? Мені кешір” деген екен. Құралай денсаулығын сұрағанда: “Денсаулығым нашар, қызметімнен түстім. Менің өмірім қызмет еді” деп жауап берді. Қызым: “Әке, менімен тұр, болмаса Қайратқа қайт” деп айтқан көрінеді. Сонда “қайтам ғой” деген екен. Заманбек қызымен қыркүйекте кездескен, ал қараша айында дүниеден озды", – дейді Нұрбике Нұрқаділова.

Оның айтуынша, саясаткердің тұрған үйі Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қалған.

"Мен ол кісінің өмірінің соңғы жылдары тұрған үйіне дүние салғаннан кейін ғана бардым. Луганский көшесінде орналасқан үйіне бармаппын. Ол үй қазір ана келіншекке (Мақпал Жүнісова) қалды", – дейді саясаткердің бірінші әйелі.