Нью-Йоркте
болған жарылыста 2013 жылғы Бостондағы
терактідегідей жарылғыш зат қолданылған. BBC News-тің хабарлауынша, екі оқиғада
да жарылғыш зат жарқыншақ толтырылған тамақ пісіретін аппараттан әзірленген.
Жарылыстың
ізі бойынша бес атам тұтқындалды. Дегенмен, оларға әлі ресми айып тағылған жоқ. Нью-Йорк
губернаторы Эндрю Куомо, екі оқиғаны да лаңкестік деп бағаланғанымен, олардың
халықаралық терроризммен байланысын айғақтайтын дәлел жоқ деп мәлімдеді.
Еске салсақ, 17-ші қыркүйек күні Нью-Джерсиде
қайырымдылық марафоны басталмас бұрын жарылыс болды. Алайда ешкім зардап шеккен
жоқ. Араға 12 сағат салып екінші жарылыс Нью-Йоркте естілді. Салдарынан 29 адам
түрлі жарақат алды. Одан кейін арнай қызмет "іске қосылып үлгермеген"
бірнеше жарылғыш зат тапты. Нью-Йорк билігі қос марафон кезіндегі жарылыстарды
байланыстыруға асықпай отыр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жарылыста
зардап шеккендердің арасында отандастарымыз жоқ деп мәлімдеді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ