Русский Сайттың толық нұсқасы

Месси Роналдудың рекордын жаңартты

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2023
  • 473

Француздық «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Әл-Насырдың» жұлдызы Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сhampionat.com сайтының мәлімдеуінше, Месси Роналдудың клубтық деңгейдегі Еуропадағы голдары бойынша рекордын басып озған.

Аргентиналық шабуылшы Франция чемпионатының 30-турындағы «Ниццамен» матчта гол соқты. Осылайша, бұл гол Месси үшін Еуропада клубтық деңгейдегі 702-ші голға айналды. Осылайша, ол португалиялық спортшы Криштиану Роналдудың 701 гол рекордынан асып кетті.

Мессиге бұл дәрежеге 105 матч бұрын қол жеткізген.

Айта кетерлігі, Месси «ПСЖ»-да 2021 жылдан бері ойнайды. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған.

Қазіргі маусымда аргентиналық шабуылшы барлық турнир бойынша 33 матчқа қатысқан.