Америкалық суретші Головкиннің портретін салып, қазақ тілінде жазба арнады

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2023
  • 787
Америкалық суретші Головкиннің портретін салып, қазақ тілінде жазба арнады

Америкалық суретші Крис Смолл Геннадий Головкиннің туған күніне орай оның портретін салып, оны қазақ тілінде құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Портрет суретшінің Twitter парақшасында жарияланған.

"Бүгін дүниеге келген Геннадий Головкиннің портретін қарындашпен салған эскизім. Туылған күніңмен. Боксшы мен эскиз туралы не ойлайсыз?", - деп жазды суретші.