Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы кадрлық қор қалыптастырмақ

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2016
  • 3737

«Нұр Отан» партиясы партияның кадрлық қорын қалыптастыру жұмысын бастайды. Бұл сайланбалы және партиялық лауазымдарға жоғары кәсіби кардрларды ұсынудың жүйелі процедурасы. Кадрлық резерв тәжірибелі партиялықтардан, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен белсенді жастардан, сондай-ақ партия жақтастары қатарынан жасақталатын болады. Ал кадрлық резерв республикалық және аймақтық деңгейде бекітіледі.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Таңдап алу барысы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші, бастауыш партия ұйымдарының жиналысында үміткерлер ұсынылады. Екіншіден, саяси мектеп менеджментінде қашықтықтан тестілеу жүргізіледі. Яғни мұнда Конституция, партия жарғылары мен доктриналары, сайлауалды және жемқорлыққа қарсы бағдарлама, партия мүшелерінің этика кодексі бойынша білімдері тексеріледі. Әрі қарай сұхбаттасуға өту үшін жоғарыда аталған құжаттардың әрқайсынан 12 сұрақтың кем дегенде 8-не дұрыс жауап беруі тиіс.

Қазіргі уақытта аймақтық резерв қалыптастырылып жатыр. Кандидаттар келесі квота бойынша іріктеледі: әр ауданнан - 10, қаладан - 12, облыс орталықтарынан - 25. Осы санатқа республика бойынша 3 000 адам енеді деп жоспарланған. Сынақтан сүрінбей өткен үміткерлердің біліктілігін арттыру да басты назарда. Республикалық қор келер жылдың соңында қалыптасады. Оның негізгі бөлігін әр өңірден аймақтық қорға енгендер құрайтын болады.

Айдос Зиядин, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары:

Аймақтық кадрлық резерв жасақталғаннан кейін, оны республикалық дейгейде, орталық аппаратта әрбір үміткердің жұмысын тиімді пайдалануына біз әртүрлі семинарлар мен тренингтер қарастырудамыз. Оны өз дейгейінде жоспарға сәйкес жүзеге асыратын боламыз.