Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасаған

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2023
  • 1385

Түркістан облысы, Төлеби ауданында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасаған деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Немолчи.kz қоры хабарлады.

Айтуынша, жәбірленушінің анасы сол мектепте жұмыс істеген. Мектеп әкімшілігі оның үйіне келіп, істі бастамауды өтінді. Нәтижесінде әйел ауылдан кетіп қалған.

“Ауыл тұрғындары іс бұрмаланып кете ма деп қорқады, өйткені 12-дегі күдіктінің туысы дәрігер болып жұмыс істейді. Мектеп директоры бұрын жұмыстан босатылған, бірақ медиациядан кейін қайта кірген. Мектепте тағы келеңсіз жағдай орын алды, ал ол аса ауыр қылмысты жасыруға тырысуда”, – деп жазды қор басшылығы. 

Түркістан облыстық ПД жағдайды растап, 29 наурызда жергілікті тұрғын арызданғанын айтты.

“Төлебилік тұрғын ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны ұлына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағанын хабарлады. Бұл факт ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті іс-шараларды өткізді. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған жайт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.