Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2023
  • 1246

Елімізде алты миллионнан астам адамның басында несие бар. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жоба аясында ауылдық елдімекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарлануда. Оларды қаржы мамандары оқытады. Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді деп күтілуде. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қарызы бар азаматтың қарызынан құтылу, оған құтылуға көмектесу біздің саяси партияныңда, біздің қоғамдық бөлмелеріміздің басты принципі деп есептейміз. Сол себептен осы мақсатта, осы жұмысты ары қарай пысықтау үшін біз қазір тікелей осындай меморандумға қол қойуды жоспарлап отырмыз. Сол меморандумның аясында біз жұмысты іске асырамыз деген ойдамыз.

Үміт ШАЯХМЕТОВА, «HALYK BANK» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Егер сен несие алатын болсаң, қалай алу керектігін, қалай сөйлесетініңді, несие берушімен қандай қарым-қатынаста болу керектігіңді үйретеміз. Біз жаңа кәсіпкерлерге несие алу және оның төлем жолдарының жеңіл тұсын дәріптейміз. «AMANAT» партиясымен халықты сауаттылыққа үйрету жөнінде ауқымды жоба бастап жатқанымызға мен өте қуаныштымын.

М. Жолдыбалин