Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтірген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2023
  • 1060

Ақтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.

Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған.

Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде.