Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазалыдағы оқушылар төбелесі: аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2023
  • 1586

Қызылорда облысында жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасына байланысты Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді.

«Кемшіліктерге жол берген Қазалы аудандық білім бөлімінің басшына қатаң сөгіс жарияланды. Өзге де тиісті мамандардың жауапкершілігі қаралады», -деді облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.

Облыстық білім басқармасының басшысы аудан әкімімен бірге жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, мұғалімдермен кездесу өткізді. Онда тәртіп пен тәрбие мәселелері талқыланды.

Еске салсақ, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 сәуірде екі мектеп оқушылары арасында жанжал туындаған. Оған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғаға байланысты ІІМ-ге аудандық полиция бөлімінің бастығын қызметінен алу жөнінде ұсыныс жолданды. Тағы 10 қызметкер қатаң сөгіс, сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.