Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Әзербайжаннан әкелінетін көкөніс көлемін ұлғайтуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2023
  • 883

ҚР Үкіметінің кулуарында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 11 сәуірде Әзербайжанмен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сауда министрі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары аясында бірқатар келісімге қол жеткізілгенін, оның ішінде Қазақстанға жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдерінің көлемін ұлғайту ұсынылғанын атап өтті.

"Мен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуды ұсындым, себебі Маңғыстау және Атырау облыстарында тапшы. Сондай-ақ, біз қазір болашаққа сенімді қарау үшін Ақтаудағы терминал қоймаға капиталдың не ӘКК-нің, не Қазақстанның сауда кәсіпорындарының бірінің кіру мәселесін қарастырып жатырмыз", - Серік Жұманғарин

Жалпы, ол көптеген келісім болғанын атап өтті.

"Біз бұған дейін сауда-экономикалық миссиялар өткізіп, 25-30 миллион долларға өзара тауар жеткізуге келістік. Соңғы сауда-экономикалық миссия – 55 млн. Кондитерлік өнімдер, аккумуляторлар жеткізуге келісімшарттар жасадық, ұзақ үзілістен кейін біздің трансформаторлар Әзербайжан нарығына қайта оралып жатыр",- Серік Жұманғарин

Оның айтуынша, әзербайжандар Қазақстанға өте жақсы инвестиция салып жатыр. Мәселен, 20 млн долларға олар Ақтауда "А" класындағы терминал кешенін салған.

10 сәуір күні Әзербайжн президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді. Қос ел президентінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында Ильхам Әлиев "Қазақстан мен Әзербайжан өзара ынтымақтастық пен одақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп жатқанын" атап өтті.