Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі жылу-электр орталықтарының қарызы 19 млрд теңгеден асқан Есімжан Нақтыбай

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2023
  • 1053

Елдегі жылу-электр орталықтары «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ мен «Богатырь-Көмір» кәсіпорнының алдындағы қарызы 19 млрд теңгеден асқан.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

«Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды проблемалық мәселе болып отыр. Мәселен, энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 12 млрд 702 млн теңге босла, «Богатырь-Көмір» мекемесінің алдындағы қарызы 6 млрд 437 млн теңге жеткен», - деді ол.

Министр жылыту маусымына қажетті отын қорын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етпеген өңірлерді атады.

«Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 2,7 млн тонна болса, мазут қоры 109 мың тонна. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында көрсетілген кәсіпорындарда отын қорының нормативтерден төмен нормалары бар», - дедң Алмасадам Сәтқалиев.