Русский Сайттың толық нұсқасы

Эльмира Сыздықова күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2023
  • 704

Астанада күрес түрлері бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, екі дүркін Азия чемпионы атанды , - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық "сары құрлық бәсекесін" ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.