БҚО аумағында жүргізіліп жатқан «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында РФ әкелінген «Лада-Гранта» автокөлігі ұсталды.
Оның жүргізушісі небары 10 күнде жылдамдық режимін 139 рет бұзған.
Оған (ӘҚБтК 592-бабы бойынша) жалпы сомасы 3 млн. 817 мың теңге айыппұл салынды.
Бұл аздай жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған. Енді ол заң алдында жауап бермек.
Ал миллиондап айыппұл арқалаған автокөлік айыптұраққа қойылады.