Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023
  • 1193

Қостанай полицейлері қылмыстық топты құрықтады. Күдіктілер жүргізуші куәлігі мен категория алуға сынақ тапсыруға келгендерден ақша алған. Сөйтіп мыңдаған адам іс жүзінде емтихан тапсырмаған көрінеді.

Соңғы уақытта өңірде көлік апаты көбейді.Апатқа ұшыраған жүргізушілер қарапайым жол ережесін білмейтін боп шықты. Ал емтихан алушылар ақшаға құнығып, жүргізуші куәлігін оңды-солды сатып отырған. 5 минутта тест тапсыруға жол ашқан. Көбі мемлекеттік тілді білмесе де, сынақты сол тілде тапсырып, сүрінбей өткен.

Арнайы операция аясында мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін алғаны анықталды.Тінту барысында екі мылтық және ақша, компьютер, телефондар мен құжаттар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.