Русский Сайттың толық нұсқасы

Рыбакина Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын айтты

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023
  • 930

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат. 

"Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал", - деді Елена Рыбакина. 

Бүгін президент Елена Рыбакинаны Ақордада қабылдаған болатын.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.