Русский Сайттың толық нұсқасы

Тайландқа жеміс әкелгені үшін туристерге айыппұл салынады, қамауға алынады

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023
  • 1900

Тайланд билігі туристер мен жергілікті тұрғындар елге жаңа піскен жемістерді рұқсатсыз әкелсе, түрмеге жабылатынын ескертті. Бұл әсіресе Оңтүстік Корея мен Жапониядан келгендерге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тайландтың Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа елдерден жеміс-жидек әкелу үшін фитосанитария сертификаты қажет екенін айтты. Бұл туралы Chiang Rai Times жазды.

Жергілікті өсімдіктер карантині туралы заңды бұзған туристерге 20 000 бат (584 доллар немесе 263 648 теңге) айыппұл салынып, бір жылға бас бостандығынан айырылады. Жазаның осы екі түрі де берілуі мүмкін.

Тайландтың Ауыл шаруашылығы министрі Рапифат Чантарасривонг демалысқа келген көп шетелдік өзімен бірге түрлі жеміс пен жидекті әкелетінін айтып отыр. Заңсыз өнімдер "Таиландтың ауыл шаруашылығы экономикасына вирустар зиян келтірмеуі үшін" өртеледі.

"Осындай мінез-құлық әдейі болмаса да заңға қайшы екенін ескертеміз", - делінген хабарламада.

10 сәуір күні Тайландтағы жағажайда тәртіпсіздік жасаған қазақстандық қамауға алынды. Ол адамдарға тиіскен, қонақүйлер мен мейрамханалардың аумағына басып кірген, сонымен қатар өзіне берілген мүлікті құртқан.