Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 3 жастағы бала терезеден құлап мерт болды

Павлодарда 3 жастағы бала терезеден құлап мерт болды. Қайғылы оқиға Толстой көшесіндегі 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Оны сол жерден өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі көріп, жедел-жәрдемге хабар беріпті. Ал бала үйде қараусыз қалған. Жыл басынан бері 4 бала биіктен құлаған. Абырой болғанда, оның үшеуі аман. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларына мұқият қарауға және қорғаныш құралдарын орнатуға кеңес береді.

Ирина МИЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жедел-жәрдемге оқиға куәгерінен Толстой көшесі 68 мекен-жайы бойынша баланың терезеден құлағаны туралы қоңырау түсті. Бригада оқиға орнына 3 минутта жетті. Куәгердің сөзінше, бірінші терезенің қорғаныш торы құлап, артынша бала жерге түскен. Дәрігерлер баланың биологиялық өлімін тіркеді.

Бүгін тағы бір адам үшінші қабаттан құлап, аман қалды. 61 жастағы азамат мас болған. Оның омыртқасы мен аяғы сыныпты. Жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр екенін айтады.