Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарттардан 12 млн теңге жымқыру күдігімен Ұлытау облысындағы мекеме басшысы ұсталды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2023
  • 864

Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен (ҚМА) мәлім етті.

Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ адамның заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкереледі.Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Әлеуметтік мекемеде, сондай-ақ іс фигуранттарының тұрғылықты мекенжайында санкцияланған тінту жүргізу кезінде қарттардың 799 мың теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.Тергеудің толық және жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыс ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген агенттік мәліметінде.

Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі «бұлтартпау» шарасына санкция берген. ҚР ҚПК 201-бабы алға тартылып, басқа мәліметтер жария етілмеді.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚМА-ның Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел-алдын алу шарасы аясында Абай қаласындағы қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамның қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.