Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктерге қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2023
  • 1583

Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің порталында "Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасын орналастырды.

"Мемлекеттік қызметшілерге, қызмет көрсету органдарына және т.б. қызметке кіру кезінде "Қазтест" жүйесі арқылы заңнамалық тестілеуден өту міндеттері енгізілмеген. Бұл мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет", - делінген құжатта.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін сала мамандары "Қазтест" сертификатын алуға міндеттейтін нормаларды енгізуді пысықтайтыны айтылды.

Жоба 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда қалады.