Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды.
ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен.
Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.
"Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.