Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда таудан опырылып түскен тас Шымбұлаққа барар жолды басып қалды

Алматыда таудан опырылып түскен тас Шымбұлаққа барар жолды басып қалды. Биіктен қопарыла құлаған тас көшкіні екі күн бойы тоқтамаған. Төтенше жағдайлар басқармасы таулы аймақтарда көшкіннің өте қауіпті- қызыл деңгейін жариялады. Қазір әйгілі Медеу платинасының жолы жабық, туристерге қатаң ескерту жасалды. Мамандардың айтуынша, әлі қауіп бар. Кез-келген сәтте тау-тас опырылуы мүмкін дейді. Алматы-Космостанция және Алматы-Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блок-бекеттер қойылды.

Алмат ЖАНЫСБАЕВ, АЛМАТЫ қ.ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Құлаған тастардың көлемі 1000 куб метрді құрады. Қар және тас көшкінің қаупі әлі бар. Осыған байланысты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуын сұраймыз. Өйткені адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Соңғы рет мұндай тас көшкіні 2011 және 2016 жылдары болған. 300 метр биіктен бірінші күні 20 текше метр, соңғы күні 2 текше метр тас жолға құлады. Көбі қорғаныс қабырғасының ішкі жағына түскен. Салдарынан қорғаныс қабырғасы, қорғаныс торлары зақымданып, бірнеше тіреу майысқан.

Мұхаммед ӘБДІЛДАЕВ, "ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" МЕКЕМЕСІ КІШІ АЛМАТЫ ӨНДІРІСТІ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Таудың жоғарғы бетінде әлі қауіп өте сейілмеді. Жолға жаңағы техника жіберуге өте қауіпті болып тұр. Бұл тастарды қалай түсіру жұмыстарын ойластырып, талқылау өткіздік. Соның бірі жару жұмыстарын жүргізу, егер қолмен алу жұмыстары болмай жатса, жару жұмыстарын жүргіземіз.