Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл аяғына дейін 4 мыңға жуық астаналық үлескер пәтер кілтін алады,- Ж.Қасымбек.

Астанада биыл 4 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты. Оның сөзінше, қалада соңғы 3 жылда үлескерлердің үштен екісі баспаналы болған. Енді қалғанының мәселесі шешіледі деді.

Әкім бол-халқыңа жақын бол. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарының талап-тілегін тыңдады. Жұртшылықты мазалайтын сұрақ көп.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Нұрсая 2 - ден келіп отырмын сол тұрғындарынан. Енді қысқаша айтайын дегенім тұрғындардың машинасын қоятын жеріне қазір проблема болып жатыр. Соңғы кезде.

Әкім мәселелерді тыңдап қана қойған жоқ. Әр сұрақтың шешімін айтты, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бірде бір сауал жауапсыз қалмайды деді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әкімдеріңіз мына дүйсенбі күні КСК-ны және басқарушы компанияларды шақырып, осы мәселелерді қарастыратын болады.

Кездесу барысында «Фемида» тұрғын үй кешеніне қатысты да сұрақ болды. Үлескерлер өздеріне тиесілі пәтердің құжатын алу мұңға айналғанын айтып шағымданды. Әкім жауаптыларға үлескерлер мәселесін жыл соңына дейін шешуді тапсырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осыдан үш жыл бұрын қалада 16 мыңдай үлескер болған. Қазір оның үштен екісі пәтерлерін алды. Өкінішке қарай, «Фемида» тұрғын үй кешені сияқты заңды құжаттары толық берілмеген нысандар бар. Сонда биылға шамамен 4 мыңға жуық үлескер қалып отыр. Олардың бәріне жыл аяғына дейін үйлерін салып, кілттерін табыстауымыз керек.

Сондай-ақ, әкім биыл әлеуметтік кезекте тұрғандарға 6 мыңдай пәтер берілетінін айтты. Оның екі жүзі мамыр айында табысталады.