Астанадан қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2023
  • 1134
Астанадан қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

Астанадан қала маңындағы 16 бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды.

CTS көлік компаниясының мәліметінше, күн райының қолайсыздығына және трассалардың жабылуына байланысты қала маңындағы №304, 305, 307, 308, 309, 310, 312, 313, 315, 316, 317, 318, 321, 322, 327, 328 бағыттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын қалған бағыттағы автобустар жүріп жатыр.

Астанада қар жауып, боран соғып тұр. Ауа температурасы нөлден төмен.