Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеуде соққысынан қайтыс болған

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2023
  • 1123

Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Саты ауылындағы оқушылар өлімінің қалай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау және Алматы облыстарындағы жасөспірімдер арасындағы жағдайлар бойынша шұғыл кеңес өткізді.

Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Саты ауылындағы оқыс оқиға қалай болғанын айтты.

Кеген ауданының Саты ауылында соңғы екі күнде өте қайғылы оқиға болды. 10 және 11-сынып оқушылары арасында 11 сәуірде түнгі сағат 11 шамасында оқыс оқиға болды. Кәмелет жасқа толмаған 11-сынып оқушысы 10-сыныптың бір топ баласын өзен жағасына шақырып, кеуделерінен соққан. Салдарынан 10-сынып оқушысы есінен танып құлап, сол жерде қайтыс болған, - деп айтты ол.

Сөзінше, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Жасөспірім қазасының себебін анықтау мақсатында сот-медициналық экспертиза тағайындалды. Күдікті 7, 8, 9-сыныпта Талдықорған қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт білім интернатында білім алған. Отбасындағы жағдайға байланысты қайтып келген, - деп айтты Гүлсара Исағұлова.

Оның берген мәліметінше, қазір күдікті бала үйқамаққа шығарылған.

Сотқа дейін 10 сәуір түнгі сағат 12 шамасында Саты ауылындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы мал қорда асылып, қайтыс болған. Ол 31 арнадан сыныптасының қайтыс болғаны туралы хабарды көреді де, аулаға шығып, әкесіне «малға шөп салып келемін» дейді. Кейін баласы кешіккеннен кейін анасы артынан шығып, оның асылып қалғанын көреді, - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Сөзінше, қайтыс болған екі жасөспірім де толық отбасы балалары. Екеуі де лицейде жақсы оқыған.