Русский Сайттың толық нұсқасы

Бомба туралы жалған ақпараттың кесірінен Air Astana ұшағы 6,5 сағатқа кешігіп ұшты

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2023
  • 889

Астана-Алматы бағытындағы KC996 рейсінде жолаушылардың бірі экипажға ұшақта бомба бар екенін айтқан. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар мен экипаж штатты режимде эвакуацияланды.

Әуе кемесі тексерілді. Рейс 6 сағат 29 минутқа кешікті.

Әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті.

Бомба туралы ақпарат расталмады. Жалған ақпарат таратқан жолаушы құқық қорғау органдарына беріліп, 273-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.