Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 39 ауыл-аймақ жарықсыз қалды

Ақтөбеде ауа райының қолайсыздығынан алты бірдей ауданда жарық өшіп қалды. Қазірдің өзінде облыс бойынша 40 елдімекенде электр энергиясы жоқ. Қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр дейді жауаптылар. Айтуларынша, қатты жел салдарынан апаттық ақау болған.

Ринат БАШБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Жаңбырдан кейін свет болған жоқ. Кабель қосылған жерден замыкание искра берді. Әлі жүрміз. Свет жоқ. Кішкентай балдар бар. Грудной ребенок бар үйде.

Нұрберген БЕКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Линияларда мұз қатып қалып, бірден салқындап кеткеннен сондай нагрузка болып қалды. Бес қонақ кезіңде қатты жел болды. 60 метр секундқа шейін жетті. Көп елдімекенде опорасын алмастырғанмен сым ілу мүмкін болған жоқ. Жел қатты болғандықтан.