Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өкінішке қарай, біз баланы құтқара алмадық», - дәрігер

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2023
  • 1099

Жаңаөзенде тұрғын үйде болған жарылыс кезінде бір отбасынан екі адам қаза тапқан. Ал тағы екеуі ауруханада жатыр, жағдайы-ауыр. Жүкті келіншектің аяғы ауыр болған, бірақ, дәрігерлер құрсақтағы шарананы құтқарып қала алмады. Ал анасына 2 күрделі операция жасалған. Науқас жасанды желдету аппаратына қосылған. Кеше оның жолдасы мен енесінің денесі үйінді астынан табылды. Қайын атасы жансақтау бөлімінде, өте ауыр жағдайда жатыр.

Раушан ЖАПАРОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке орай, біз баланы құтқара алмадық. Оның омыртқасына екінші операция жасалды. Емдеу толық көлемде қабылданады. Барлық дәрі-дәрмектер, қажетті заттардың барлығы жеткілікті.

Зардап шеккен екі оқушы мен 67 жастағы ер адам қазір ауруханада ем алып жатыр. Психологтар балалармен жұмыс жүргізуде. Мамандардың айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнан бөлек тағы бір жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Ал Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жарылыс болған аумақтағы 16 көпқабатты үйге газ беру 2-3 күнге өшірілгенін хабарлады.

С. Оралбеков