Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Өрлеу ауылының тұрғындары мал жаятын жерге зар болып отыр

Ақтөбенің іргесіндегі Өрлеу ауылының тұрғындары жайылымға зар болып отыр. Ауыл маңындағы жерді кәсіпкерлер бөліп алған. Ал жұртта мал жаятын жер жоқ. Бұл телімдерді жекеге үлестірген кім? Мәселенің мән-жайын тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Өрлеу ауылы тұрғындарының басты күнкөріс көзі төрт түлік мал. Ауыл халқының қазір бес жүзден астам қойы, үш жүз елуден астам ірі қара малы бар. Бірақ ауылда соларды жаятын жайылым жоқ.

Серік ҚОЖАНИЯЗОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Есігіміздің алдынан 200 метр, 100 метр жерден беріп жатыр. Біздің үйден 10 метр жерді беріп тастап отыр ал. Жайылым жоқ.

Аманбек ШАЛАБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Өрлеу елдімекенінде данный момент қалып тұрған осы жер міне. 200 гектар. Соның 70 гектарын бір кісіге, 10 гектарын бір кісіге, 33 гектарын Лазачук деген кісіге беріп жіберген.Біздің единственный мал басын қосып әрі қарай шығарып жіберетін жеріміз сол еді. Оны да жерді беріп жіберіп тұр.

Ауылда үш мың түтін бар. Төрт түлікпен жан баққан жұртшылық жекенің жеріне аттап баса алмайды. Егін егемін, ағаш өсіремін деп жерді бөліп алған кәсіпкерлер де оларды маңына жолатпайды. Оның үстіне жағалай карьер.

Сатыбалды ӨТЕГЕНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімдер бәрін бөліп жекелерге беріп жіберген. 2 км жерде Махай деген қожалық бар. Ол жеріне кіргізбейді. Барсаң қамап қояды. Баяғы лагерь. Жерді қайтару керек. Жағалай карьер. Тоғызы бар. Енді мына жерден егін егеді деп біреуге беріп жатыр. Біз малды қайда жаямыз?

Халық ешкім бізбен санаспады дейді. Ал кәсіпкерлердің қолында қала әкімдігінің қаулысы бар көрінеді.

Ғалым ҚОБЛАНДИН, «АЛМАТЫ» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жерді бөлу комиссиясы бар ғой. Сол комиссияға халық айтып отырған мәселесін көтеру керек. Жайылым жер жоқ деп отыр. Сол бұрынғы берілген жерлерді қайтадан қарап. Оның заңдылығын мақсатты пайдаланылуын қарауымыз керек.

Ауыл маңындағы аумақтардың заңдылығы тексеріледі. Қазір жекеменшікке берілген 90 гектар жерді қайтару мәселесі қарастырылуда. Бірақ оның қашан шешілетіні белгісіз.