Русский Сайттың толық нұсқасы

Чемпиондар лигасы: «Милан» мен «Реал Мадрид» жартылай финалға шықты

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 767

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі ойынның бірінде «Наполи» (Италия) мен «Милан» (Италия) кездесті.

Алғашқы ойында миландық клуб 1:0 есебімен басым түскен еді. Сондықтан жанкүйерлер «Наполиден» қарқынды шабуыл күтті. Дегенмен «Милан» сапынан Оливье Жиру 43-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ол 22-минутта пенальтиден мүлт кеткен еді. Бұл «Наполидің» жағдайын қиындата түсті.

Ойынның 93-минутында «Наполи» сапынан Виктор Осимхен таразы басын теңестірген еді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Екі ойынның нәтижесімен «Милан» жартылай финалға жолдама алды.

Тағы бір кездесуде Испанияның «Реал Мадрид» клубы Англияда «Челсимен» сынға түсті. Бірінші кездесу 2:0 есебімен мадридтік клубтың басымдығымен аяқталды.

Бүгінгі кездесуде ағылшындық команда алға қарай ұмтылды. Оған «Реал Мадрид» қорғаушылары лайықты төтеп берді. Есесіне 58-минутта өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны Родриго өзінің еншісіне жазды. 80-минутта ол екінші голын соқты.

Кездесуде «Реал Мадрид» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Енді сәуірдің 19-нан 20-на қараған түні «Бавария» (Германия) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Интер» (Италия) мен «Бенфика» (Португалия) командалары кездеседі.