Русский Сайттың толық нұсқасы

Акробат әйел 9 метр биіктіктен құлап қаза тапты

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 1155

Қайғылы жағдай 15 сәуір күні Аньхой провинциясындағы Хоугао ауылында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

37 жастағы ерлі-зайыптылар Сунь Муму мен Чжан Муму арқанмен жоғарыға көтерілген сәтте әйел күйеуінің аяғына тұрып, мойнынан құшақтады. Сол кезде әйелдің қолы шығып кетіп, төменге қарай құлап кетті, күйеуі құлап бара жатқан әйелін ұстап үлгермеді, деп жазды New York Post.

Акробат әйел шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде ерлі-зайыптылар жанжалдасып, әйел сақтандыру белдігін пайдаланудан бас тартты деген қауесет тарады.

Чжан Муму мұны жоққа шығарды. Оның сөзінше, олар бақытты болған. Ол оқиғаны талдау процесінде болғандықтан, қосымша түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар тәжірибелі әртістер болған және қойылым әсерлі болуы үшін сақтандырудан бас тартқан.