Қазақстан
мен Ресей президенттері телефон арқылы Таулы Қарабақтағы ахуал мен оны бейбіт
түрде шешу жолдары туралы пікір алмасты. Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевқа Таулы Қарабақтағы жағдайды ретке келтірудегі «Ресей тарапынан атқарылған
жұмыстар жайлы» айтып берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта
кетейік, екеуара әңгіменің өрбуіне Ресей тарапы бастамашы болды.
Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин екіжақты
ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелері де талқылады. Қазақстанның
Еуразиялық экономикалық одаққа төраға болуына қатысты алдағы уақытта
өткізілетін шаралардың кестесі қаралды. Оның ішінде Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің отырысы да бар.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА